МӘМС: Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері 16,1 млрд теңгеден аса жарна түсті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
МӘМС: Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері 16,1 млрд теңгеден аса жарна түсті
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2021 жылдың 31 мамыры аралығында медициналық сақтандыру үшін жинақталған жарнаның жалпы сомасы 74,4 млрд теңгені құрады. «2021 жылдың мамыр айында медициналық сақтандыру үшін елордалықтар 3,4 млрд теңгеден аса жарна аударған. Оның ішінде жұмыс берушілердің аударымы 1,6 млрд теңгеден асады, ал жеке кәсіпкерлерден 1,8 млрд теңге түскен. Сондай-ақ, осы жылдың 31 мамырындағы жағдай бойынша 6 931 адам бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) бойынша МӘМС-ке жарна төлеген. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін түскен барлық жарна аударымдары, яғни жинақталған қаржы, сенімгерлік басқару туралы жасалған келісімшартқа сәйкес, Ұлттық банкте сақталады да, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады», - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров. Медициналық сақтандыру қоры пациенттер құқығын қорғайды. Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда байланыс арналары: * Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы * @saqtandyrybot телеграмботы * 1406 байланыс орталығы * Қордың fms.kz сайты Осы арқылы қорға хабарласуға болады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры  өтінішіңізді қарап, тиісті шара қабылдайды.