Ақмола облысының тұрғынынан қолдан жасалған қару мен оқ-дәрілер тәркіленді
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Polisia.kz мәліметінше, Ақмола ҚАЖД жедел қызметкерлері қамауда отырған сотталғандармен жұмыс барысында жедел ақпарат алып, оны Ақмола облысының полиция департаментіне нақтылау үшін жіберді. ҚР ІІМ екі құрылымдық бөлімшелерінің бірлескен жұмысы әрі жедел қызметкерлерінің өзара тығыз ынтымақтастығы нәтижесінде Жарқайың ауданының 45 жастағы тұрғынынан Тула қару зауыты шығарған екі тегіс ұңғылы оқпаны бар аңшы мылтығы мен оқ-дәрілерді тәркіленді. Ол қару негізінде кәсіптік және әуесқой аңшылыққа арналған. Енді ол қолдан жасалып, өзгертілгендіктен қылмыстық атыс қаруы санатына жатады. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар