Қазақстандықтардың 20%-дан астамының ұялы байланыс сапасына көңілі толмайды
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қазақстандықтардың 20%-дан астамының ұялы байланыс сапасына көңілі толмайды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107766041726373.webp)
ашық дереккөз
Қоғамдық саясат институтының мәліметінше, қазақстандықтардың 78,7%-ның телефон және ұялы байланыс сапасына көңілі толады. Ал әр бесінші адам бұған қарсы пікірде. Ауылға қарағанда қалалардағы байланыс сапасы жақсырақ. Осылайша, байланыс сапасына қала тұрғындары (83,1%) ауыл тұрғындарына (72,6%) қарағанда көбірек қанағаттанады. Зерттеу 2021 жылғы сәуірде жүргізілді. Сауалнамаға 6 800 респондент қатысты.
Ұқсас жаңалықтар