Жолдар қай қаражатқа салынады?
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Жолдар қай қаражатқа салынады?](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107768213826758.webp)
ашық дереккөз
«Автомобиль жолдарын дамытуға соңғы жылдары республикалық бюджеттен, қарыз қаражаты мен ұлттық қордан 500 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. Алдағы жылдары бүкіл желіні нормативті күйге келтіру үшін тағы 4,4 трлн теңге қажет. Тек республикалық желіні күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу үшін (25 мың шақырым) жыл сайын 100 миллиард теңгеге дейін ақша бөлінеді. Бюджет құрылымына байланысты салық әрі жанама салық төлеушілерден алынатын төлемдер жолдарға тікелей бағытталмайды. Кейбір мәлімет бойынша, 2015 жылы көлікке, көлік құралын тіркеуге және жанармайға акциз салығынан жиналған қаражат 80 млрд теңгеге жуықтаса, тек республикалық жолдардағы жылдық шығындар шамамен 400 млрд теңгені құрады. Автомобиль жолдарының жоғары шығындарын ескере отырып, салықтар мен төлемдер арқылы автомобиль жолдарын қаржыландыруды қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондықтан мәселені ақылы жолдардың енгізілуі шешеді. Жүйе «жолды кім пайдаланса, күтіп ұстау шығынын сол төлейді» қағидасын әділ айқындайды», - дейді Абдуллин.
Бұған дейін елімізде ақылы жолдар неліктен енгізіліп жатқанын хабарлаған едік.
Ұқсас жаңалықтар