Ел астанасында алдағы бес жыл ішінде 65-тен астам мектеп салынады
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Ел астанасында алдағы бес жыл ішінде 65-тен астам мектеп салынады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17210776491292340.webp)
ашық дереккөз
«Халық саны, соның ішінде оқушылар саны да үдері өсуде. Мәселен, 2010 жылы қалада 74 мың мектеп оқушысы болған болса, қазір 193 мың оқушы бар. Енді 10 жылдан кейін 2030 жылы, бұл көрсеткіш 400 000 оқушыға дейін өспек. Енді соған сәйкес мектептер құрылысы да қарқынды болу керек. Алдағы бес жыл ішінде 80 880 оқушыға арналған 67 мектеп салу жоспарланып отыр», - деді әкім.
Ол өз сөзінде былтыр пандемияның өршіп тұрғанына қарамастан елордада 11 мектеп жаңадан бой түзегенін, биыл тағы 16 мектептің құрылысы жүргізіліп жатқанын айтты. Алтай Көлгінов сөз арасында ұстаздарды ынталандыру жұмысы қалай жүргізіліп жатқанын да қозғап өтті.
«Білім беру мекемелерін ғимаратпен қана қамту жеткіліксіз. Сапалы білімді арттыру мақсатында болашақ педагогтарды ынталандыру үшін, орта білім алуға жыл сайын 800, жоғары білім алуға тағы 300 әкім грантын бөлу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту үлесі жоспарлы түрде артатын болады», - дейді Алтай Сейдірұлы.
Ұқсас жаңалықтар