«Жасыл ел» сарбаздары Талдыкөл маңайын тазалады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Жасыл ел» сарбаздары Талдыкөл маңайын тазалады
ашық дереккөз

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шарада санитарлық нормалар мен талаптар қатаң сақталды. Әкімдік мәліметінше, «Жасыл ел» бағдарламасы Елбасының тапсырмасы бойынша 2005 жылдан бастап еліміздің барлық өңірінде жүзеге асып жатыр. Бүгінге дейін бас қаланың «Жасыл ел» штабы 14-29 жас аралығындағы жастарды жазғы маусымда жұмыспен қамти отырып, қаланы көгалдандыруға және жастарды әлеуметтендіруге айтарлықтай үлес қосып келеді. Биыл осы жоба аясында 1200-ге жуық жасты жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр. Жалақысы – 64 мың теңге. Қазір жастар төрт бағыт бойынша жұмыс істейді: біріншісі – қалалық саябақтар, екіншісі – құрылыс алаңдары, үшіншісі – «Жасыл белдеу», ал төртінші бағыт аясында 14-16 жастағы кәмелетке толмағандар қаланың білім беру мекемелерін абаттандыру мен тазалауға қосымша жұмылдырылады.