Тәшенов пен Бараев көшелері жабылады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Тәшенов пен Бараев көшелері жабылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107765648299910.webp)
Әкімдік мәліметінше, осыған байланысты Республика даңғылының оң жақ бұрылысындағы ҚР Қарулы Күштері ұлттық әскери-патриоттық орталығы аумағы, яғни Тәшенов және Бараев көшелерінің түйіскен тұсы 2021 жылғы 8 маусым мен 4 шілде аралығында жабылады. Көлік қозғалысы тиісті жол белгілерін орнату арқылы уақытша схема бойынша жабық учаскені айналып өту үшін ұйымдастырылады. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жолда кептеліс тудырмас үшін жүргізушілерге өз маршруттарын алдын ала жоспарлау керектігін еске салады. Жөндеу жұмыстары жүріп жатқан немесе аяқталмаған жол учаскелеріне барынша мұқият болып, жол жүрісі талаптарын сақтап, уақытша схема бойынша жол белгілерін ескеріп жүру керек. Бұл маңайда рұқсат етілген жылдамдық - 40 км/сағ.