Батырхан Шүкенов ескерткішінің жаңа эскиздері ұсынылды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Батырхан Шүкенов ескерткішінің жаңа эскиздері ұсынылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107766811238272.webp)
![](https://elorda.info/wp-content/uploads/2021/06/2-1024x732.jpeg)
Әкімдік мәліметінше, эскиздер бойынша ұсыныстарды Birge платформасына (https://birge-elorda.kz/nur-sultan/) – оң жағындағы төменгі бұрышта «Кері байланыс», сондай-ақ centerofurbanism@gmail.com поштасына жіберуге болады. Оған ниет білдіргендердің бәрі қатыса алады.
Дарынды әнші және композитор Батырхан Шүкеновке арналған ескерткішті қалалық саябаққа орнату жоспарланып отыр. Жоба демеушілер қаражаты есебінен жүзеге асады.
Бұған дейін бас қалада Жеңіс күні қарсаңында екі мәрте Кеңес Одағының батыры, аты аңызға айналған ұшқыш Талғат Бигелдиновке ескерткіш орнатылған еді. Ескерткіш Сарыарқа даңғылында (Талғат Бигелдинов көшесінің бұрышында) орналасқан. Жоба бойынша мүсінші Нұрлан Далбай мен сәулетші Расул Сатыбалдиев жұмыс істеді. Ескерткіш қоладан әрі граниттен құйылған. Онда Бигелдинов Ұлы Отан соғысы жылдарында жас ұшқыш ретінде бейнеленген.