Головкин бұрынғы қарсыласымен қарымта өткізе ме?

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Головкин бұрынғы қарсыласымен қарымта өткізе ме?
ашық дереккөз

Vesti.kz

мәліметінше, америкалық модель әрі блогер Кристин Барнум бокстан бұрынғы әлем чемпионы Давид Лемьені (43-4, 36 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) қарымта өткізуге шақырды. Боксшылар 2015 жылы Нью-Йоркте жұдырықтасып, Головкин сегізінші раундта Лемьені нокаутқа түсірген болатын. Бұл GGG үшін PPV-дегі алғашқы айқас еді. «Сәлем Лемье, GGG-мен қайта жұдырықтасу ойыңда бар ма? Жігіттер сендер жекпе-жекке қайта шығуларың керек», - деп жазды блогер Twitter-де. Лемье өткен демалыста Мексикада жұдырықтасып, перулік Давид Сегарраны (34-5, 21 КО) нокаутпен жеңген болатын.