Хоккейден Қазақстан құрамасы IIHF рейтингінде үш саты жоғарлады
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Хоккейден Қазақстан құрамасы IIHF рейтингінде үш саты жоғарлады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17210776716116699.webp)
ашық дереккөз
Vesti.kz
мәліметінше, Ригадағы әлем чемпионаты аяқталды. Оның қорытындысы бойынша Халықаралық мұздағы хоккей федерациясы (IIHF) жыл сайынғы рейтінгін жаңартты. Бұл тізімде Қазақстан құрамасы үш саты жоғарлап, 13-ші орынға тұрақтады. Рейтинг мынадай:
- Канада - 3235 ұпай.
- Финляндия - 3125 ұпай (+1).
- Ресей - 3050 ұпай (-1).
- АҚШ - 2945 ұпай (+2).
- Германия - 2905 ұпай (+2).
- Чехия - 2895 ұпай (-1).
- Швеция - 2880 ұпай (-3).
- Швейцария - 2815 ұпай.
- Словакия - 2670 ұпай.
- Латвия - 2560 ұпай.
13. Қазақстан - 2365 ұпай (+3). Атап өтсек, Канада финалда Финляндияны жеңіп, әлем чемпионы болды. Ал қола жүлде АҚШ құрамасына бұйырды.
Ұқсас жаңалықтар