Қытайда Sinovac компаниясының вакцинасын балаларға қолданылуын мақұлдады
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қытайда Sinovac компаниясының вакцинасын балаларға қолданылуын мақұлдады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17210776351136805.webp)
ашық дереккөз
Global Times басылымының мәліметінше, CoronaVac вакцинасын 3-17 жас аралығындағы балаларға шұғыл қолдануы мақұлданған. Бірақ компания басшысы вакцинаның қандай жағдайда салынатыны және қай жастан бастап қолданылатыны әлі шешілмегенін айтты. Sinovac 3-17 жас аралығындағы клиникалық сынақтардың І және ІІ кезеңін аяқтаған. Оған бірнеше жүздеген ерікті қатысқан. Сынақ қорытындысы вакцинаның қауіпсіз әрі тиімді екенін көрсетіпті. Ал маусым айының басында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Sinovac компаниясының коронавирусқа қарсы шығарған вакцинасының шұғыл жағдайда қолданылуға болатынын мақұлдаған.
Ұқсас жаңалықтар