Халықаралық Олимпиада күніне арналған «Дуатлон Олимпиада күні» дуатлоны өтті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Халықаралық Олимпиада күніне арналған «Дуатлон Олимпиада күні» дуатлоны өтті
ашық дереккөз

Жарысты Nomad TriClub Iron Qazaqstan, Триатлон Федерациясы, Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі, әкімдіктің бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу дирекциясы, «Nur Otan» партиясымен бірлесіп өткізді. [caption id="attachment_84541" align="alignnone" width="1024"] Фото: Оңалхан Өнерхан/Elorda Aqparat[/caption] Шараның ашылу салтанатында қалалық триатлон федерациясының президенті Ержан Біржанов, Nomad TriClub Iron Qazaqstan директоры Талғат Ісмағамбетов қатысушыларға сәттілік тілеп, қауіпсіздіктеріне сақ болуды ескертті. Дуатлон екі кезеңнен тұрды: жүгіру және велосипед тебу.  Жүгіру - бақ ішіндегі үлкен шеңберде 6 км/ 2 айналымнан тұрды. Велосипед тебу - бақтың айналасындағы 23 км/ 5 шеңбер. Таңғы сағат 06:15-де нөмірлерді бере бастады. Сағат 07:00-де әйел адамдар, 07:10-де ерлер бастады. Айта кетсек, дуатлонға қатысу құны 5 мың теңге болса, оған қатысушылар саны 50 адамды құрады. Олардың барлығы дуатлонға зор дайындықпен келген. [caption id="attachment_84542" align="alignnone" width="1024"] Фото: Оңалхан Өнерхан/Elorda Aqparat[/caption] «Мен спортқа өте жақынмын. Сондықтан осындай дуатлонның ұйымдастырылатынын білген кезде ерекше қуандым. Қатысқаныма еш өкінбеймін", - деді қатысушылардың бірі Нұргүл Нұрланқызы. Ал Баянсұлу Ермұхан есімді тағы бір қатысушы бұған дейін де мұндай жарыста бақ сынағанын айтады. «Дуатлонға қатысу себебім, бұл – мен үшін жан рахаты. Яғни спортпен айналысу арқылы өзіме қуат аламын. Өткен жылдары да қатысқан болатынмын. Дуатлонда жақындарымның қолдауы маған күш-қуат сыйлайды", - деді ол. Жеңімпаздар арнайы марапаттау қағаздарымен және медальдармен марапатталды. Жанель ҚҰТТЫБАЙ