Боксшы бұрымдыларға құрмет көрсетілді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Боксшы бұрымдыларға құрмет көрсетілді
ашық дереккөз

Расында Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өткен сары құрлық бәсекесін бокстан әйелдер құрамасы нәтижелі қорытындылады. Арулар 8 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлде иеленіп, жалпы қомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды. Елордалық былғары қолғап шеберлерінің еншісінде үш алтын мен бір қола бар. Атап айтқанда ұлттық құрама сапында ел намысын қорғаған Римма Волосенко, Валентина Хальзова, Ләззат Күнгейбаева қарсылас шақ келтірмей алтынан алқа тақса, 75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Мария Вольнова қола жүлдеге қол жеткізді. Өз кезегінде чемпиондар жанкүйерлерінің ыстық ықыласына алғысын білдірді. «Көңіл күй тамаша. Құдайға шүкір аман-есен елге жеттік. Барлық қазақстандықтарға үлкен алғыс айтамын. Дубайдағы шаршы алаң төрінде жүрсек те, біз миллион жанкүйеріміздің қолдауын сезіндік», - деді Азия чемпионы Ләззат Күнгейбаева. Чемпиондарды күтіп алуға қатысқан Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Серік Сәпиев Азия чемпионатындағы жетістік Қазақстан үшін тарихи жағдай екенін жеткізді. Дубай қаласында жалауы желбіреген дүбірлі додада бокстан ерлер құрамасы 5 күміс медаль жеңіп алды.