Нұр-Сұлтанда балабақшаларға жоспарлы жинақтау басталады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Нұр-Сұлтанда балабақшаларға жоспарлы жинақтау басталады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107765711954642.webp)
Әкімдік мәліметінше, www.Indigo24.kz электрондық жүйесінде мектепке дейінгі ұйымдарда (жеке балабақшалар мен шағын орталықтар) 24 297 бос орын бар, оның ішінде: 2019 жылы туған – 6 074 орын; 2018 жылы туған – 9 372 орын; 2017 жылы туған – 5 616 орын; 2016 жылы туған – 3 235 орын. Биыл 1 маусымнан бастап барлық мемлекеттік балабақшалар базасында сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін ата-аналарға арнап онлайн-кеңестер ұйымдастырылды. Қажет болған жағдайда ата-аналар санитарлық-дезинфекциялық шараларды қатаң сақтай отырып, мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың жанындағы консультативтік пунктерге жүгіне алады. Жинақтауды өткізу кестесі және жолдама алу алгоритмі қала әкімдігінің ресми сайтында www.astana.gov.kz, сондай-ақ www.Indigo24.kz сайтында жарияланады. Туындаған сұрақтар бойынша call-орталық номерлеріне: 55-68-51, 55-68-64, 55-72-49, 55-68-74 хабарласуға болады.