Мәулен Әшімбаев: Бүгін - ұлтты ортақ мүддеге ұйыстыратын мереке

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мәулен Әшімбаев: Бүгін - ұлтты ортақ мүддеге ұйыстыратын мереке
ашық дереккөз

«Баршаңызды мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Бұл – елдік пен егемендікті дәріптейтін, ұлттың рухын асқақтатып, отаншылдық сезімін арттыратын айрықша мереке. Біздің туымыз, елтаңбамыз және әнұранымыз - тәуелсіздігіміздің негізгі нышаны, мемлекеттілігіміздің басты белгісі. Былтыр Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев туды кеңінен қолдануға қатысты азаматтардың ұсынысына қолдау білдіргені белгілі. Соның нәтижесінде тиісті шешімдер қабылданып, көк байрағымызды пайдалану аясы кеңейді. Мұның өзі тәуелсіздігімізді нығайту жолындағы қадамдардың бірі екені сөзсіз. Ұлтты ортақ мүддеге ұйыстыратын мейрам құтты да ұзағынан болсын. Тәуелсіз қазақ елі жасай берсін!», - деп жазды Әшімбаев әлеуметтік желіде.

Бұған дейін боксшы Бақтияр Артаев бүгінгі мерекемен құттықтаған болатын.