Елордалық дәрігерлер жұтқыншаққа ерекше ота жасады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық дәрігерлер жұтқыншаққа ерекше ота жасады
ашық дереккөз

Құны  4,7 миллион теңгені құрайтын ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында жасалды, дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-тың Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы. Пациент мазасы кетіп, 6 ай бойы ауырған. Ауруханаға жатқанға дейін қайта-қайта мұрны қанап, жұтқыншағында бөгде зат тұрғандай сезінген. Соған байланысты №1 қалалық көпбейінді ауруханаға барған. Заманауи жабдықтар мен білікті мамандардың арқасында ота сәтті өтті. Пациент ауруханадан жазылып шықты. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу формасында білім алушылар МӘМС жүйесінде мемлекет тарапынан сақтандырылған жеңілдік санатындағы азаматтар қатарына жатады. Сондықтан осы санаттағы пациенттерге құны қымбат тұратын ота тегін жасалды. «Осы жылдың 1 тоқсанында елорда клиникаларында МӘМС аясында 3 млрд 76 млн теңге сомасына 1234 жоғары технологиялық медициналық қызмет (құны қымбат оталар) жасалды. Олардың 1198-і (97%) жоспарлы түрде, 36-сы (3%) шұғыл түрде жасалды» - дейді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалының сарапшылары. Қандай да бір сұрақ туындаған жағдайда Қордың елордалық филиалына 1406 байланыс орталығы немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, Telegram-дағы SaqtandyryBot, Қордың fms.kz сайты арқылы хабарласуға болады.