Ashyq eGov mobile қосымшасында қолжетімді болды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Ashyq eGov mobile қосымшасында қолжетімді болды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107772534129683.webp)
Қосымшаның ҰАТ АҚ сүйемелдеуіне көшуіне байланысты техникалық жұмыстар процесінде қосымша жұмысында іркілістер болғанын атап өткен жөн. Бүгінгі таңда жетілдіру және тұрақтандыру бойынша жұмыстар аяқталды және жүйеде іркілістер байқалмайды. Естеріңізге сала кетейік, Ashyq қосымшасы бизнеске карантиндік шаралар кезінде өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік беру мақсатында құрылған. Қоғамдық орындарға кіру үшін азамат Ashyq көмегімен арнайы QR-кодты сканерлейді және қосымшада көрсетілген мәртебесін ұсынады. Мәртебелер 4 түспен белгіленеді: - Жасыл - бұл келушінің ПТР-тестілеуі теріс нәтиже көрсетті; - Көк - ПТР нәтижелері жоқ, байланыста болған адам ретінде саналмайды; - Сары - науқаспен байланыста болған адам; - Қызыл - COVID-19 тестінің нәтижесі оң.