Елордалық жастар Елтаңба авторымен кездесті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордалық жастар Елтаңба авторымен кездесті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107773120082553.webp)
Жиынға студенттер мен еріктілер қатысты.
Кездесудің шымылдығы Әнұранды шырқаумен ашылды. Содан кейін сұрақтар тұлғаның сәулет өнеріндегі жеткен табыстары, Елтаңбаның қалай құрастырылғандығы төңірегінде қойылды.
Елтаңба авторы жастармен әңгіме барысында еліміздің төл рәміздерін құру, оның Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы маңыздылығы туралы айтып берді.
«Әр адамның көш бастаушы жұлдызы болуы тиіс. Осындай жұлдыз мемлекетке де қажет. Мемлекеттік рәміздердің негізінде біз қазақстандықтардың Отанға деген сүйіспеншілік, ел тұрғындарының мақтаныш сезімдерін нығайтуға, Қазақстанның жетістіктері мен құндылықтарын насихаттауға, Елбасы мен Президенттің қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ету, халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі жүргізетін саясатын түсіндіруге тиіспіз», - деді Ж.Мәлібекұлы.
Осы орайда жастар да осынау ерекше күнді әр қазақстандықтың білуі мен қастерлеудегі маңыздылығын атап өтті.
Жанель Құттыбай
Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университетінің студенті