Аntikor ortalygy алаңында Жандарбек Мәлібековпен диалог өтті
Тікелей эфир барысында қатысушылар ҚР Мемлекеттік рәміздері мен мағыналарының мәселелерін талқылады. Жандарбек Мәлібековтің айтуынша, ҚР Елтаңбасы мемлекеттілігіміздің дәстүрлерін, ғасырлар бойы өшпей келе жатқан «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын, толеранттылық пен ұлтаралық келісім, қонақжайлылық пен мейірімділік идеясын, бай рухани және материалдық мәдениетті бейнелейді. Мысалы, шаңырақ бейнесі – елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанының символы. Аңыздағы қанатты тұлпарлар бағзы замандағы тұлпар бейнесі батылдықты, сенімділікті және ерік күшін танытады. Сонымен қатар, арғымақтың алтын қанаттары алтын масақты еске салады, қазақстандықтардың еңбексүйгіштігін және еліміздің материалдық игілігін танытады. Республиканың Мемлекеттік Елтаңбасындағы тағы бір деталь – бес бұрышты жұлдыз Қазақстан тұрғындарының жүрегі мен құшағы бес құрлықтың өкілдері үшін қашанда ашық екендігін көрсетеді. Спикердің пікірінше, мемлекеттік құрылымдардың халықпен транспаренттілігі және ашық диалогы сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастырудың іргетасы болып табылады. Адалдық, парасаттылық сияқты құндылықтарды ілгерілету сыбайлас жемқорлықты азайтуға ғана емес, басқа да құқық бұзушылықтарға ықпал етеді. Тікелей эфирге сілтемесін мына жерден көруге болады.