iKOMEK-ке жыл басынан бері миллионнан астам өтініш түсті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
iKOMEK-ке жыл басынан бері миллионнан астам өтініш түсті
ашық дереккөз

Әкімдік мәліметінше, iKOMEK орталығы: 2017 жылы – 200 мың өтініш; 2018 жылы – 1 037 мың өтініш; 2019 жылы – 1 670 мың өтініш; 2020 жылы - 2 197 мың өтініш қабылдады. Осы жылдың 5 айында 1 миллионнан астам өтініш қабылданды. Қала тұрғындары арасындағы мынандай үш мәселе аса өзекті: - денсаулық сақтау (емханаға тіркелу, дәрігерді үйге шақыру мен т.б.); - қоғамдық көлік (жұмыс режимі, бағдарлар, төлем тәсілдері бойынша сұрақтар); - коронавирус (екпе, симптоматика, жұмыс кестесі). Өтініштердің 86,3% «бірінші қоңыраудан», яғни хабарласқан бойда шешіледі. «iKOMEK – мемлекеттік басқару саласына үздік халықаралық практикаларды, атап айтқанда АҚШ тәжірибесін енгізудің жарқын үлгісі. Біз тұрғындармен өзара байланыс орнату әрі оларды шаһар дамуына жұмылдыру үшін ТМД-дағы бірегей жобаны жасап шығардық. АҚШ мұндай үлгіні (3-1-1 және 9-1-1) 28 жыл ішінде енгізді, ал біз бұны 6 ай ішінде енгіздік. Халықаралық сарапшылар біздің командамызға 3 жыл қатарынан «Хрусталь гарнитура» табыстап, iKOMEK жұмысына жоғары баға берді. Дегенмен ең бастысы – тұрғындардың оң пікірі мен алғысын алдық», - дейді iKOMEK орталығының басшысы Жаннат Дүбірова. iKOMEK109-ға түсетін өтініштер санының өсуі тұрғындардың астана дамуына белсене атсалысатынын білдіреді. Әр тұрғын iKOMEK-ке жүгінсе, кері байланыс алатынын біледі. Бастысы шет қалмау керек: суретке түсіріп, мекенжайды көрсетіп, проблеманы жеткізсе болды. Өтініштерді атқару нәтижесінде әрбір проблема бойынша байланыс орнатылады әрі түрлі формада жауап (қайта қоңырау шалу, әлеуметтік желілердегі жеке парақшаға бейнеесеп жолдау және т.б.) беріледі. Байланыс орталықтары саласындағы халықаралық сарапшылар 3-ші жыл қатарынан iKOMEK109 орталығын ТМД-дағы үздіктердің үздігі деп те мойындап отыр. 2019 жылы iKOMEK орталығы «Байланыс орталығын құрудың/біріктірудің үздік жобасы» аталымында байланыс орталықтары индустриясының «Оскарын» иеленді. 2020 жылы «Клиенттерді талдаудың, зерттеу мен түсінудің үздік тәжірибесі» аталымын жеңіп алды. Биыл iKOMEK байланыс орталығы клиенттерге қызмет көрсету саласындағы үздік «Хрусталь Гарнитурасы» халықаралық байқауында «Цифрлық жаңғырту әрі трансформациялаудың үздік бағдарламасы» аталымы бойынша марапатқа ие болды. Бұл байқаудан марапат алу iKOMEK орталығының дәстүріне айналды. iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығына 109 қысқа нөмірі (қалалық және мобильді телефондар үшін тегін) арқылы, сондай-ақ балама тәсілдермен жүгінуге болады: - әкімдіктің ресми сайты: astana.gov.kz; - iKOMEK109 мобильді қосымшасы (PlayMarket/AppStore); - Telegram чат-боты (t.me/nursultanikomek109_bot); - Smart Astana мобильді қосымшасы (PlayMarket/AppStore); - 109@ikomekastana.kz электрондық поштасы.