Елордадағы Тұңғыш Президент саябағында симфониялық оркестрдің концерті өтті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордадағы Тұңғыш Президент саябағында симфониялық оркестрдің концерті өтті
ашық дереккөз

Концерт бағдарламасында әлемдік классика жауһарлары орындалды. Мысалы, Ж.Бизе «Кармен» және Дж. Россини «Вильгельм Тель» операларынан увертюралар, ағылшын композиторы Э. Элгардың романтикалық пьесасы - Salut d’Amour, флейтаға арналған туындылар, И.С.Бахтың си минор сюитасынан алынған «Шутка», гобой авторы Э.Морриконе (жеке орындаушы Жәмила Далишева), «Габриэль гобойы», Л.Миранданың «Моана» мультипликациялық фильмінің саундтрегі және т.б. Концертке Brasswood quintet брасс-квинтеті де қатысты. Оның құрамында: трубада – Әлихан Жиганшин мен Абзал Середа, валторнада – Нұрислам Даурбай, тромбонда – Жігер Уәкіл, тубада – Біржан Бақдәулет. Brasswood quintet орындауында К.Сталлинг, Л. Армстронг, Дж. Холкомба шығармалары болды. Кеш Иоганн Штраустың атақты «Радецкий Маршы» шығармасымен аяқталды. Айта кетсек, ұжымның көркемдік жетекшісі әрі дирижері – Берік Батырхан.