Елорда әкімі мен Қоғамдық кеңес төрағасы азаматтарды қабылдады
Қала тұрғындарының мәселелерін жүйелі түрде шешу үшін елорда әкімдігі тұрақты түрде азаматтарды қабылдайды. Бірлескен қабылдау кезінде елорданың 15 тұрғыны қабылданып, 30-дан аса проблема талқыланды. Негізгі мәселелерге: тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, білім алу, медициналық көмек, әлеуметтік көмек, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, сондай-ақ қаржылық проблемалар жатады. Сондай-ақ, қабылдау кезінде азаматтар елорданы одан әрі дамытуға қатысты өз идеялары мен ұсыныстарын бөліседі. Барлық түскен сұрақтар ерекше бақылауға алынды. Қала тұрғындары «Жанұя» (Бейбітшілік көшесі,14), тұрғын үй саласында қызмет көрсететін бірыңғай Орталық (Республика даңғылы, 32), iQala (Қошқарбаев, 29) сияқты елордалық әлеуметтік орталықтардан көмек пен кеңес ала алады.