Сығанақ көшесінде жаяу жүргіншілерге бағдаршам орнатылады
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
«Сығанақ көшесінде (Жусан банк аумағы) жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршам нысандарын орнату көзделіп отыр. Сондай-ақ іргелес аумаққа өту әрі Сарайшық көшесінде (Қараөткел көшесі ауданында) кедергісіз бұрылыстарды жүзеге асыру үшін қосымша қозғалыс жолақтары орнатылады. Жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршам нысандарын орнату қала құрылысы нормаларына сәйкес қауіпсіз және жаяу жүргіншілер қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - делінген басқарма хабарламасында.
Сонымен қатар әкімдіктің мәліметінше, Сарайшық көшесі мен Сығанақ көшесі бойында көліктерге арналған бұрылу жолақтарын ашу жоспарланып отыр. «Қабылданған шаралар тұрғындардың қолайлылығы үшін жүргізіліп отыр», - дейді көлік ведомствосы. Нұр-Cұлтан қаласының тұрғындары әрі қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауы қажет.
Ұқсас жаңалықтар