Биылғы халық санағы қалай өтеді?
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Биылғы халық санағы қалай өтеді?](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107811923984419.webp)
![](https://elorda.info/wp-content/uploads/2021/06/WhatsApp-Image-2021-06-02-at-11.30.39.jpeg)
Оның айтуынша, санақ екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең - дайындық кезеңі. Ол 1 маусым мен 30 маусым аралығында өтеді. Қазір жұмыстар басталып кетті. Бірінші кезеңнің негізгі мақсаты – тұрғын үй және басқа ғимараттарда адамдардың тұруын нақтылау. Ол халықтан ауызша сұрау арқылы өтеді. «Мекенжайлар мен онда тұратын адамдар санын нақтылау - екінші кезең, негізгі кезең. 2021 жылғы ұлттық санақтың басты жаңашылықтарының бірі - 1 қыркүйек-15 қазан аралығында онлайн режимде өздігінен сауалнама парақтарын толтыру мүмкіндігі. Жүйе тәулігіне 24 сағат қолжетімді болады. Респондеттер санаққа қатысу үшін өзіне ыңғайлы уақытты таңдай алады. Сондай-ақ сайтта бланк толтыруды тоқтатып, кейін жалғастыру мүмкіндігі де қарастырылған. Одан басқа egov.kz электронды үкімет платформасында электрондық цифрлық қолтаңба арқылы санақ өтуге болады. Азаматтар арнайы мобильді қосымша арқылы да санақтау өте алады. Дәстүрлі жаппай санақ өткізу 1-30 қазан аралығында өтеді. Ол белгіленген мерзімде онлайн режимде санақтан өтпеген респонденттер үшін өткізіледі. Дәстүрлі кезең жаңашылдықтары - электронды планшеттер, заманауи цифрлық технологияның енуі және үрдістердің автоматтандырылуы. Бұл адам факторының деректер сапасына әсерін азайтуға, мәліметтердің толығымен біздің базаларға енуіне мүмкіндік береді. Аталған бағыттағы жұмыстар 1 маусымнан басталып кетті. Халық арасында сауалнама жүргізетін интервьюерлер үшін міндетті талап - жеке басын куәландыратын құжаттармен бірге бейдждің болуы. Онда суреті, аты-жөні, берілген күні, қолдану мерзімі, аумақтық статистика органының қолы мен мөрі болуы тиіс. «Халық санағы» белгісі бар көк түсті шарф және портфель де болуы керек. Нұр-Сұлтан қаласында 4 аудан бар. Жалпы, елорда тұрғындарының саны 1 мамырдағы жағдай бойынша, 1 миллион 199 мың 83 адамды құрайды. Біз осы мағлұматты негізгі санақ барысында растауымыз қажет. Санақ барысында қала тұрғындары, жалпы Қазақстан азаматтарының сауалдары үшін 1446 бірыңғай call-орталығы жұмыс істейді. 1446 номері еліміздің барлық аумағында ұялы әрі стационарлық телефондар үшін бірыңғай болады. Сонымен қатар 8 8000 800 878 номеріне хабарласуға болады. Call-орталыққа қоңырау шалу тегін», - деп түйіндеді маман.