Бейбітшілік және келісім сарайының алаңында қайырымдылық концерті өтті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бейбітшілік және келісім сарайының алаңында қайырымдылық концерті өтті
ашық дереккөз

Іс-шараға Қазақстан эстрадасы жұлдыздарынан әнші Мәди Қадыров, тележүргізуші, ақын Айсәуле Бейсенхан, театр және кино актеры Сабыржан Айдаров және әнші Мұрат Еркебұлан қатысты. Сондай-ақ іс-шараға Қазақ грэпплинг қауымдастығының президенті Қанат Алин, «Business Woman KZ» ҚҚ басқарма төрайымы Сәуле Қайсар, көпбалалы ана және де «Strong mothers NS» білім беру орталығының жетекшісі Райгүл Серікбаева, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің директоры Ақерке Жұманбаева қатысты.