Елордада «Элвин және жұмбақ орманның тұрғындары» атты ертегі қойылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада «Элвин және жұмбақ орманның тұрғындары» атты ертегі қойылды
ашық дереккөз

Ертегінің қоюшы-режиссері А.Салаева. «Элвин және жұмбақ орманның тұрғындары» ертегісі барысында кішкентай көрермен оған қатысып, өздері де кейіпкерге айналып, ақиқат үшін күресті. Кейіпкерлерге жанашырлық таныта отырып, бала өзінің және басқа адамдардың эмоцияларын тануды үйренді. Қайырымдылық - ізгіліктің нақты көрінісі, адамның асыл қасиеттерінің бірі. Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Болашақта еліміздің өркендеуіне білімді жастар ғана биік асулардан аса алатынын ескерсек, балаларға жасаған қамқорлық елімізге еселеп қайтатыны анық. Ел тірегі, ертеңіміздің кепілі – жас ұрпақ!