Президент Конституциялық Кеңестің төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Президент Конституциялық Кеңестің төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады
ашық дереккөз

Конституциялық Кеңес төрағасының айтуынша, аталған маңызды құжатта конституциялық іс жүргізу практикасы қорытындыланады. Қазіргі заңнамада және оны қолдану тәжірибесінде конституциялық нормалардың іске асырылуы, Конституциялық Кеңес шешімдерінің орындалуына баға беріледі. Сонымен қатар азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қорғау мәселелері қаралады. Қайрат Мәми биылғы жолдау Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналатынын және Конституциялық Кеңес республикадағы заң үстемдігін одан әрі күшейту жөнінде нақты ұсыныстар жасайтынын атап өтті. Президент Конституцияның Қазақстан мемлекеттілігі мен ел жетістігінің негізі болып табылатынын айтты. Осы орайда, Конституциялық Кеңестің қызметі Ата Заң ережелерін жүзеге асыруда маңызды рөл атқаратынына тоқталды. Мемлекет аумағында Конституция үстемдігін қамтамасыз ету ел дамуының міндетті шарты екенін атап өтті.