Елордада «Ашық аспан астындағы кітапхана» акциясы өтті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада «Ашық аспан астындағы кітапхана» акциясы өтті
ашық дереккөз

Іс-шараға Жазушылар одағының мүшелері Толымбек Әбдірайым, Дәулеткерей Кәпұлы, Әлібек Асқаров, қалалық мәслихат депутаты Ләззат Мұратқызы қатысты. Акция барысында Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мен Foliant баспаханасы кішкентай оқырмандарға өз кітаптарын ұсынды. Көрмеге қазақ әдебиеті, шетел әдебиеті, әлем әдебиетінің ертегілері мен қазақ жазушыларының романдары қойылды. Балалар қаламгерлерден қолтаңба алып, ал жазушылар еліміздің болашағы білімді жастардың қолында екенін айтып, оларды кітап оқуға, білімді болуға шақырды. «Бұл өткізілген кітап көрмесінің мақсаты – кішкентай балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, қазақ әдебиетінің аңыз-ертегілерімен таныстыра отырып, тарихи тұлғаларды таныту. Себебі қазіргі таңда әр баланың білімі, ойы, келешекте қойған мақсаты осы кітап оқудан туады. Балаларда кітап оқуға құштарлық болса, ізденіс, талпыныс болса, елде жақсы орны бар, беделді азаматқа айналады», - деп Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлбадан Мадибаева пікір білдірді. Акцияның салтанатты тұсаукесері соңында қалалық мәслихат депутаттары атынан көрменің кішкентай қонақтарға Foliant баспаханасының жәрмеңкесінен 30 кітап сыйға тартылды. Бұл көрме жазғы демалыс күндері қала тұрғындарына серуендеп, саябақта кітап оқуға, балалар арасында кітап оқуға деген талпынысын оятуға мүмкіндік береді. Акция жаз бойы жалғасады. Демалыс күндері Жазушылар одағының мүшелері арнайы қала тұрғындарымен кездесу ұйымдастырып отырады. Кездесуде қызықтырған сұрақтарға жауап алуға болады.

Айымгүл Бағдат

Еуразия ұлттық университетінің

3-курс студенті