Алтай Көлгінов елордалық балаларды мерекелерімен құттықтады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Алтай Көлгінов елордалық балаларды мерекелерімен құттықтады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107810612035047.webp)
[caption id="attachment_83656" align="alignnone" width="721"] Фото: Александр Куприенко[/caption]
Қаланың әр ауданында санитарлық нормаларды сақтай отырып, балаларымыз үшін іс-шаралар ұйымдастырылды. Жас тұрғындарымыз үшін мерекелік атмосфера құру маңызды.
Ересектер өз мысалдарымен ғана балаларды жас кезінен еңбекке баулып, оқуға деген сүйіспеншілігін арттырып, аға буынға деген құрметін қалыптастыра алады.
Өз тарапымыздан балаларымызға жағдай жасау үшін жұмыс істеп келеміз: балабақшалар, мектептер, оңалту орталықтарын, қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй, мәдениет және спорт объектілерін саламыз, аула клубтарын ашамыз, таза ауада уақыт өткізу үшін жайлы қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, скверлер, бульварлар) мен аулалар саламыз.
[caption id="attachment_83657" align="alignnone" width="723"]
Фото: Александр Куприенко[/caption]
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес барлық бағыттар бойынша балаларға жағдай жасаймыз. Жоғарыда айтқанымдай, әр бала ерекше. Біздің міндетіміз – олардың жан-жақты дамуына және өз әлеуетін толық ашуына мүмкіндік беру. Біздің балаларымыздың арасында болашақ медицина қызметкерлері, педагогтар, инженерлер, құрылысшылар, жазушылар, суретшілер, спортшылар және т. б. бар. Барлық мамандықтар маңызды және қажет. Ата-ана ретінде біз оларды қолдауымыз керек.
Балалардың кестесі ересектердікінен кем түспейді. Олар оқу оқып, үйірмелерге барып, достарымен кездеседі. Балалар мен олардың ата-аналарына ыңғайлы болу үшін өткен жылдың көктемінен бастап қаламыздың барлық кәмелетке толмаған тұрғындары үшін қоғамдық көлік тегін. Бұл жаңалық көптің көңілінен орын алды.
[caption id="attachment_83658" align="alignnone" width="720"]
Фото: Александр Куприенко[/caption]
Балалардың дүниеге келуі отбасы үшін де, мемлекет үшін де маңызды. Жас ұрпақтың болашағы жарқын болсын. Ата-аналар мен балаларды мерекемен құттықтаймын! Зор денсаулық, бақыт, амандық тілеймін!», - деп жазды елорда әкімі.