Елорданың бірнеше көшесінде су өшіріледі
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елорданың бірнеше көшесінде су өшіріледі](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107810316073001.webp)
ашық дереккөз
«Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары, «Астана су арнасы» МКК 2 маусым күні сағат 21:30-дан 3 маусым 09:00-ге дейін сумен жабдықтау желілерінде жоспарлы іс-шаралар өткізілетінін хабарлайды. ЖЭО-1 мен өндірістік аймақта су беретін д=600мм ауыз су құбырындағы қысым реттегішті демонтаждау жүргізіледі. Осыған байланысты Байқоңыр ауданы бойынша Өндіріс, Кирпичный тұрғын алаптары, Пушкин көшесі, 69 көшесі, Алаш тас жолы, Әл-Фараби даңғылы және ЖЭО-1-де ауызсу беру тоқтатылады», - делінген «Астана су арнасы» МКК хабарламасында.
Сонымен қатар әкімдік мәліметінше, 3 маусым күні сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жоғарыда аталған аудандарда су құбыры желілерін іске қосу жұмыстарына байланысты су төмен қысымда берілетіні айтылған. «Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Сондай-ақ ауызсу қорын жеткілікті мөлшерде құйып алу қажеттігін еске саламыз», - делінген ақпаратта.
Ұқсас жаңалықтар