Ұлттық халық санағына дайындық кезеңі басталды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Ұлттық халық санағына дайындық кезеңі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107812727288330.webp)
Ұлттық халық санағы дайындық және негізгі кезеңдерінен тұрады. Маусым айының 1-30 аралығында өтетін дайындық кезеңінде аудандастыруға дайындық жүргізіледі. Санақты аудандастыру - бұл өңірдегі әрбір елді мекеннің аумағын санақтың негізгі кезеңін өткізу үшін нұсқаушылық және есептік учаскелерге бөлу. Арнайы дайындалған интервьюерлер тұрғын үйлер мен тұрғын емес үй-жайлардың, құрылыстардың, сондай-ақ ондағы тұратын тұрғындардың нақты санын анықтау, картографиялық материалға қажетті өзгерістер енгізу мақсатында қаланы аралап шығады. Үй-жайлар, тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) және тұрғын емес үй-жайлардың тізімдерін нақтылау 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өтетін халық санағының негізгі кезеңіне қала аумақтарын инструкторлық және есептік учаскелерге дұрыс бөлу үшін қажет. Санақтың дайындық кезеңінің қорытындысы санақ персоналына арналған жүктеме нормасына сәйкес халық санын біркелкі бөлуге және жалпы халықты есепке алу толықтығын қамтамасыз етуге арналған база болып табылады. Қазіргі уақытта Ұлттық статистика бюросының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінде жалпы саны 27 адамнан тұратын, олардың ішінде 21 адам аудан бойынша уәкіл, ұлттық санақты дайындау және өткізу жөніндегі штаттан тыс бөлім құрылды. Құрылған штат Нұр-Сұлтан қаласы бойынша санақты дайындау және өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын, нұсқаушы-бақылаушылардың және интервьюерлердің жұмыстарын бақылауды жүргізеді. Дайындық кезеңін өткізу үшін қаладағы белгілі бір мектептерде құрылған нұсқаушы және тіркеу учаскілер бойынша бөлінген 40 нұсқаушы-бақылаушы тартылды. 284 адамнан тұратын нұсқаушы-бақылаушылар интервьюер-тіркеушілердің жұмыстарын үйлестіреді және бақылайды. Үй аралайтын интервьюер-тіркеушілерде Ұлттық статистика бюросының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің мөрімен расталған, ТАӘ және сурет көрсетілген тіркеушінің арнайы куәлігі (бейдж) және халық санағының логотипі бар көк түсті портфелі болады. Интервьюердің жеке басы статистика органдарында нақтылануы мүмкін. 2021 жылдың Ұлттық санағы кезінде «1446» бірыңғай call-орталығы жұмыс жасайды. «1446» - елдің барлық аумағындағы мобильді және стационар телефондар үшін бірыңғай нөмір болады. Сондай-ақ, 8 8000 800 878 нөмірі жұмыс жасайды. Сall-орталыққа қоңырау шалу тегін. «2021 жылғы Ұлттық халық санағы «Қазақстанда әркім маңызды!» атты ұраны аясында ұйымдастырылады. Әрбір азаматты біздің елдегі маңызды және ерекше іс-шараны дайындау мен өткізуге қатысуға шақырамыз», - делінген хабарламада.