Қаржы пирамидаларынан сақ болған жөн - экономикалық тергеу департаменті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қаржы пирамидаларынан сақ болған жөн - экономикалық тергеу департаменті
ашық дереккөз

Қазір департамент «Invest Consulting Agensy» ЖШС басшылығы мен «Otbasy men jastardy qoldau qory» корпоративтік қорына қатысты ҚР ҚК 217 б. 3 б. 2 т. бойынша, яғни қаржы (инвестициялық) пирамидалар құру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу барысында жоба басшысы Гүлбану Сәпеева 2 айға тұтқындалды. Бұған қоса, департаменттің тергеу басқармасы «Астана Раушан касса айналымы» қаржы пирамидасының заңсыз қызметі (ірі көлемдегі ақшаны тарта отырып, пирамида құру және басқару) фактісі, ҚР ҚК 217 б. 2 б. 4 т. бойынша қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдады. Аталған пирамиданы 2020 жылғы қаңтарда «А» есімді әйел құрған. Ол жеке тұлғалардан ақшаны алдап алған. Жалпы, биыл қаңтардан бері қаржы пирамидасына Қазақстанның мыңнан астам азаматы ақша құйыпты.