Қазақстандықтар Катарға визасыз бара алады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қазақстандықтар Катарға визасыз бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107809047851029.webp)
Мұндай сапарды тоқсанына бір рет жасауға болады. «Бір Тарап мемлекетінің азаматтары - осы Келісімнің 1-бабында көрсетілген паспорттардың иелері екінші Тарап мемлекетінің аумағына алғаш келген күнінен бастап 90 (тоқсан) күн ішінде 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде екінші Тарап мемлекетінің аумағына визасыз келе алады, кете алады, транзитпен өте алады және онда бола алады. Екінші Тарап мемлекетінде тіркелген дипломатиялық немесе консулдық өкілдіктердің мүшелері болып табылатын бір Тарап мемлекетінің дипломатиялық паспорттар және қызметтік паспорттардың иелері және олардың балалары мен жұбайлары, екінші Тарап мемлекетінің аумағына келу, кету немесе транзитпен өту үшін виза алу қажеттілігінен босатылады, сондай-ақ олар келген күнінен бастап 30 (отыз) күн ішінде аккредиттеу талабын орындаған жағдайда тиісті рәсімдерден босатылады», - делінген құжатта. Қоғамдық талқылау 8 маусымға дейін жалғасады. Айта кетсек, биылғы қаңтардан наурыз айына дейін Қазақстан визасыз кіру бойынша басқа елдермен келісім жасамаған.