«АЛЖИР», «Қарлаг»: Елордада телекөпір өтті (фото)

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«АЛЖИР», «Қарлаг»: Елордада телекөпір өтті (фото)
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған телекөпір барысында мамандар елорданың әрі республиканың аймақтарынан тікелей эфирге шықты. [caption id="attachment_83371" align="alignnone" width="1024"] фото: Василий Крась[/caption] «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні - Қазақстанның ерекше есте ұстарлық тарихи күні. Біздің егемендігіміз өткен тарихтың ақтаңдақтары туралы ашық айтуға мүмкіндік берді. Белгілі себептермен қызыл террордың тарихы ұзақ уақыт бойы үнсіз қалды. Заңсыз қуғын-cүргінге ұшырағандардың ұрпақтары үлкен қиындықтарға тап болды. Бүгінде тарихи әділеттік орнады. Көптеген саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар ақталып, олардың адал аты қалпына келтірілді. Мемлекеттік комиссия заңсыз қуғын-сүргінге ұшыраған отандастарымызды одан әрі оңалту жөніндегі жұмысты жалғастырып жатыр. Ал бүгінгі шараның мақсаты - аға ұрпақтарды, тарихымызды құрметтеу, ұлттар бірлігін дәріптеу мен жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу», - деді іс-шараны ашқан «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз хатшысы Қуат Ахметжан. Жиын барысында еліміздің тарихи маңызды орындарынан арнайы репортаж жүргізілді. Атап айтсақ, «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайы, Қарағанды облысындағы «Долинка» саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайы мен өзге де тарихи маңызды орындардан тікелей эфирде мағлұмат берілді. Аталған мұражайларға қысқаша онлайн экскурсия да жасалды. «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Аскер Пириев байланысқа шықты. [caption id="attachment_83366" align="alignnone" width="1024"] фото: Василий Крась[/caption] «Кешенде ресми түрде іс-шара жаңа ғана тәмамдалып, экскурсия жалғасып жатыр. Жалпы, «АЛЖИР» кешені 2007 жылы ашылған. Алайда Елбасы бұның ашылуы жайлы 90-шы жылдары үкім қабылдаған екен. Осы лагерьден 20 мыңға жуық әйел «өткен». Жалпы, 62 ұлт өкілі болған әрі көбісінің ұлты белгісіз», - деді Аскер Пириев. Қарағанды облысындағы «Долинка» (Қарлаг) саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайынан оның директоры мен өзге де мамандар эфирге қосылды. Қарағанды облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Құсайын атаулы күн жайлы айтты. [caption id="attachment_83364" align="alignnone" width="1024"] фото: Василий Крась[/caption] «Бүгін шын мәнісінде бүкіл еліміз үшін ерекше күн. Елбасы Жарлығымен 31 мамыр - Қазақстанда қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні болып бекітілді. Осыған орай, бүгін жер-жерде, еліміздің әр түкпірінде атаулы шаралар ұйымдастырылып жатыр. Қарағанды да қалыс қалып жатқан жоқ. Неге десеңіздер, өздеріңізге жақсы белгілі, Қарағанды қасіретті «Қарлагымен» белгілі. Қасіреттің қара таңбасындай болған - Қарағанды еңбекпен түзеу лагері. Бүгін біз осы мекемедеміз. Ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестік төрағалары, жастар, журналистер осы мұражайда тарихи деректермен қанығып жатыр. Жаңа ғана гүл шоқтары қойылды», - деді Ерлан Құсайын. Маңызды жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, атап айтсақ, Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды, Павлодар әрі Алматы облыстарындағы ҚХА өкілдері, елімізге белгілі қоғам қайраткерлері мен ғалымдар қатысты.