Елордада балаларға арналған қайырымдылық акциясы өтті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада балаларға арналған қайырымдылық акциясы өтті
ашық дереккөз

Қайырымдылық акциясына жетім, мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған отбасылардың балалары қатысты. Оларға киім, ойыншық және азық-түлік себеті таратылды. «Бүгінгі қайырымдылық шарасына 50 бала қатысып жатыр. Бір-бірімізге мейірімді болып, балаларымызды қорғап, мәпелеп өсіре берейік. Әрине, мұндай шара балалардың көңілдерін көтеріп, бір-бірімен араласып, дос табуына мүмкіндік береді. Балаларға мықты денсаулық, қуаныш, бақыт тілеймін. Жазғы демалыстарын жақсылап өткізсін», - дейді «Мейірімділік-М» қайырымдылық қорының төрайымы Айгүл Сейілова. [caption id="attachment_83216" align="alignnone" width="793"] Фото: Оңалхан Өнерхан[/caption] Сондай-ақ кеште балалар аниматорлармен би билеп, ойын ойнап, көңілдерін көтерді. [caption id="attachment_83217" align="alignnone" width="784"] Фото: Оңалхан Өнерхан[/caption] [caption id="attachment_83218" align="alignnone" width="794"] Фото: Оңалхан Өнерхан[/caption] «Мерекелік кеш керемет өтті. Қызықты ойындар ойнадық. Сыйлықтары да ұнады. Қайырымдылық акциясын ұйымдастырушыларға үлкен рақмет», - деді шараға қатысушы Айша Ислам. [caption id="attachment_83219" align="alignnone" width="789"] Фото: Оңалхан Өнерхан[/caption] «Мен мұнда балаларымды әкеліп тұрмын. Олар өте қуанышты, көңіл-күйлері де көтеріңкі. Осындай шараға ұйытқы болған «Мейірімділік-М» қайырымдылық қорына алғыс айтамын», - дейді ата-ана Аягөз Серікқызы. [caption id="attachment_83220" align="alignnone" width="794"] Фото: Оңалхан Өнерхан[/caption] [caption id="attachment_83221" align="alignnone" width="792"] Фото: Оңалхан Өнерхан[/caption]