Шарын шатқалында жоғалып кеткен қыз табылды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Шарын шатқалында жоғалып кеткен қыз табылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107812528376125.webp)
Қазіргі уақытта Алматы облысы ТЖД және РЖҚЖ құтқарушылары дәрігерге дейінгі Алғашқы медициналық көмек көрсетуде. Алдын ала мәлімет бойынша қыз бала жарақат алған, жағдайы орташа. Зардап шеккен адамды "Қазавиақұтқару" АҚ авиациялық техникасын пайдалана отырып, білікті медициналық көмек көрсету үшін Алматы қаласының медициналық мекемесіне тасымалдау мәселесі қарастырылуда. Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД күштері мен құралдары (35 қызметкер және 1 жүзу құралы, 1 кинологиялық есеп және 10 бірлік техника), АПБ (20 қызметкер және 4 бірлік техника), Алматы қ. РЖҚЖ (11 құтқарушы және 3 кинологиялық есеп және 1 бірлік техника), "Шарын каньоны" МҰТП (20 қызметкер және 3 бірлік техника), ЖАО (5 адам 1 бірлік техника) жұмылдырылған. Естеріңізге сала кетейік, 29 мамыр күні сағат 13:35-те қызды Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Шарын шатқалының төменгі бөлігінде орын алған батпақты-селмен ағызып кеткен болатын.