Елордада жастар арасында стритболдан 3х3 турнирі өтіп жатыр

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада жастар арасында стритболдан 3х3 турнирі өтіп жатыр
ашық дереккөз

«Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 3х3 баскетбол турнирін өткізудеміз. Іс-шараның мақсаты – жастар мен балаларға өздерін көрсетуге және осындай бұқаралық спорт түрін дамытуға мүмкіндік беру. Бүгінгі турнирде ересектер де ойнайды. Біз оларға қарап, жас ойыншылар көбірек жаттығады, спортпен шұғылданады, жаңа нәрселерді үйренеді деп санаймыз. Осындай турнирлерді болашақта да өткізуді жоспарлап отырмыз. Алматы ауданының әкімдігіне, Дене шынықтыру және спорт басқармасына көрсеткен қолдауы үшін алғысымызды білдіреміз», — дейді турнир ұйымдастырушысы Әлихан Керімжан.

Турнирге әртүрлі жас топтарынан 33 команда қатысуда: - U16 (16 жасқа дейін) - 6 команда; - U18 (18 жасқа дейін) - 7 команда; - U23 (23 жасқа дейін) - 6 команда; - Ерлер - 12 команда; - Әйелдер - 2 команда. «Турнирді ұйымдастырушыларға рақмет. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтанда стритболдан жастар ойындарына қолдау көрсеткені үшін жеке алғысымды білдіремін, себебі осындай турнирлердің арқасында спорттың бұл түрі дамып келеді», - дейді турнирге қатысушы Эльнур Альбаков. Турнир жеңімпаздары 30 мамыр күні кубоктармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.