Елордада «Сүндет-2021» акциясы өтіп жатыр
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада «Сүндет-2021» акциясы өтіп жатыр](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107810347422247.webp)
Сондай-ақ созылмалы ауруға шалдыққан және толық емес отбасылардың ұл балалары ерекше назарға алынды.
Сүндеттеуді уролог және өз ісінің шебері, Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов және №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының жоғары білікті мамандары жасады. Тимур Мұратов балалардың жағдайын біліп, біраз сұхбаттасты.
«Бұл екінші ұлымыз, 3 жаста. 10 күн бұрын баламызға дәстүр туралы көп айтып, моральды тұрғыдан дайындағанбыз, нағыз жігіт болады деп сендірдік. Ұйымдастырушылар мен емхана басшылығына алғыс білдіреміз. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған іс-шара, барлығы қарастырылған», - деді сүндетке отыратын баланың анасы Ләззат Айтуғанова.
Жыл сайынғы акцияның мақсаты — көпбалалы және толық емес отбасылардан шыққан мүгедек және созылмалы аурулары бар балаларға әлеуметтік көмек көрсету.
Акция аясында бұл медициналық қызмет жыл сайын ақысыз түрде жүзеге асырылады.
Сүндеттеуді қалалық №9 емханада хирургтар мен урологтар өткізді. Бұл жерде 2-5 ота жасау кабинеттері ұйымдастырылған.