UEFA EURO-2020: «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары ойындарды тікелей эфирде көрсетеді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
UEFA EURO-2020: «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары ойындарды тікелей эфирде көрсетеді
ашық дереккөз

"Телерадиокорпорация футбол комментаторлары үшін шеберлік сабақтарын өткізіп, 1 ай бойы тікелей эфирде үздіксіз хабар таратуға дайындық үстінде. Телеэфирлерден бөлек, корпорация сайттарында онлайн көрсетілім жүргізіледі. Әдетте мұндай көрсетілімдер кезінде эфирді онлайн көрушілер саны күрт артады, осыны ескеріп, сайттардың техникалық мүмкіндіктері де күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілуде", - делінген хабарламада.Турнирдің ашылу матчы 11 маусымда Римдегі «Олимпийский» стадионында, ал финалдық кездесу 11 шілдеде Лондондағы «Уэмбли» стадионында өтеді. Чемпионат қарсаңында «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде сараптамалық бағдарлама жарыққа шығады. Оған спортшылар мен сарапшылар, футбол жанкүйерлері қатыса алады.60 жылдық тарихы бар турнир алғаш рет 11 қалада - Амстердам (Нидерланд), Баку (Әзірбайжан), Бухарест (Румыния), Будапешт (Венгрия), Копенгаген (Дания), Глазго (Шотландия), Лондон (Англия), Мюнхен (Германия), Рим (Италия), Санкт-Петербург (Ресей), Севильяда (Испания) бірдей өтпек.UEFA EURO-2020 турнирінің финалдық кезеңіне шыққан 24 құрама 6 топқа бөлінген:  A тобы: Түркия, Италия, Уэльс, ШвейцарияB тобы: Дания, Финляндия, Бельгия, РесейC тобы: Нидерланд, Украина, Австрия, Солтүстік МакедонияD тобы: Англия, Хорватия, Шотландия, ЧехияE тобы: Испания, Швеция, Польша, СловакияF тобы: Венгрия, Португалия, Франция, Германия1/8 финалға әр топтан ең мықты екі құрама мен үшінші орын иеленген төрт үздік команда шығады.Естеріңізге салсақ, футболдан Еуропа біріншілігі өткен жылы өтуі тиіс болған, алайды пандемияға байланысты бір жылға шегерілген еді.