«Еуразия» сауда орталығында коронавирусқа қарсы вакцина егіле бастады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![«Еуразия» сауда орталығында коронавирусқа қарсы вакцина егіле бастады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107810920233326.webp)
Вакцинация орны "Еуразия-3" СҮ-нің 4-қабатында ұйымдастырылған. Вакцинациялауға тіркеу бригаданың кестесіне және сауда үйінің жұмыс режиміне сәйкес сағат 19.30-ға дейін жүргізіледі. Естеріңізге сала кетейік, елордада бүгінге дейін "Mega Silk Way", "Keruen", "Хан Шатыр", "Абу-Даби Плаза", "Азия Парк", "Сарыарқа" сауда ойын-сауық орталықтарында, «Әлем», «Астаналық», «Еуразия» сауда үйлерінде вакцинация пункттері ашылған болатын. Қала әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша олардың саны үш есе артты. Басқарманың мәліметінше, қоймаларда ресейлік "Спутник-V" және қытайлық "Sinofarm Hayat-Vak" вакциналарының мөлшері жеткілікті. Жақын арада "QazVac" вакцинациясы үшін отандық препарат жеткізіледі деп күтілуде.