Хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Канадамен кездеседі
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
В тобында бақ сынап жатқан Юрий Михайлис шәкірттерінің кезекті қарсыласы - Канада құрамасы. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 19:10-да басталады. Матч Qazsport телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы алғашқы ойында турнир қожайыны Латвияны, екінші кездесуде Финляндияны жеңді. Үшінші ойында АҚШ құрамасына есе жіберсе, екі күн бұрын Германияны ұтты. Канада құрамасы турнир барысында бір мәрте ғана жеңіске жеткен. Әлем чемпионатына 16 команда қатысуда. Олар: Қазақстан, Ресей, Швеция, Чехия, Швейцария, Словакия, Дания, Беларусь, Ұлыбритания, Канада, Финляндия, АҚШ, Германия, Латвия, Норвегия, Италия. Топта бірінші-төртінші орын алған командалар плей-офф кезеңіне өтеді.
Ұқсас жаңалықтар