Қазақстандық домбырашылар әлемдік фестивальден бірінші орын алды
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Жеңімпаздар Темірлан Олжабай және Ернат Наурыз Вивальди циклынан “Жыл мезгілдері” атты авторлық туындысын орындады. "Сүйінші қазақ елі. “Golden Time Talent” әлемдік байқауында бірінші орын біздікі. Британиялық және қазақстандық командамызға үлкен рахмет”, - деп жазды Темірлан Олжабай. Сайыстың финалы онлайн режимде өтті. Сондай-ақ, домбырашылар маусым айында Түркия мемлекетінде жеке шығармашылық кеш өткізетін көрінеді.
Ұқсас жаңалықтар