Азия чемпионаты: Қыздардан 9 боксшымыз финалда өнер көрсетеді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Азия чемпионаты: Қыздардан 9 боксшымыз финалда өнер көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107812727711661.webp)
⠀ Жарысқа фаворит саналған Қытай (2019 жылы 6 алтын), Тайвань (2019 жылы 1 алтын), Солтүстік Корея (2019 жылы 1 алтын) мемлекеттері қатыспады.⠀ 48 келідегі Алуа Балқыбекова үндістандық Мониканы тізе бүктірді. Одан кейін 51 келіде жұдырықтасқан Назым Қызайбай (51 келі) Шри-Ланка өкілі Надека Пушпакумариді үш мәрте нокдаунға жіберді. 54 келідегі Дина Жоламан мен үндістандық Сакши арасындағы кездесу 2:3 есебімен қарсылас пайдасына аяқталған болатын. Алайда, қазақстандық тарап шағым түсіріп, кездесу нәтижесі қайта қаралып, жеңіс Дина Жоламанға берілді. Ал 57 келіде Владислава Кухта үндістандық боксшы Жасейминнен айласын асырып, финалға жолдама алды. Келесі жекпе-жектерде 60 келіде Римма Волосенко үндістандық Симранжит Бахтты, 64 келідегі Милана Сафронова өзбекстандық Мохинабуду Абдуллаеваны ұтты. Осылайша олар енді финалда бақ сынауға мүмкіндік алды. Лондон Олимпадасының қола жүлдегері Марина Вольнова (75 кг) өзбекстандық Мавлуда Мәуленоваға есе жіберді. Ұлттық құрама сапынан Ләззат Күнгейбаева (81 келі) БАӘ-нің өкілі Ханан Аль-Зеюдидің осал тұсын тапты. Валентина Хальзова (69 келі) жекпе-жек өткізбестен бірден финалда ойын көрсетуге мүмкіндік алды.