Жемқорлық туралы хабарлаған адамға берілетін сыйақы мөлшері белгіленді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жемқорлық туралы хабарлаған адамға берілетін сыйақы мөлшері белгіленді
ашық дереккөз

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы нысанында жүзеге асырылатын көтермелеу белгіленеді. Қағидалармен регламенттелген көтермелеу сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру және азаматтық қоғамды осы қауіпті әлеуметтік құбылыспен күреске тарту бойынша пәрменді ынталандыру тетігі болып табылады. "Былтыр ынталандыру ережелеріне өзгерістер енгізілді. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесі бойынша (Германия, Ұлыбритания, АҚШ) сыйақы сомасы сараланған сомаға айналды. Енді пара немесе келтірілген залал сомасы 1 мың АЕК-тен (2 млн 917 мың теңге) аспайтын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлама үшін сыйақы (қылмыстың ауырлығына байланысты) 30-дан 100 АЕК-ке дейінгі соманы құрайды. Көрсетілген сомадан артық сыйақы көлемі 10%-ды құрайды, бірақ 4 мың АЕК-тен аспайды (11 млн 668 мың теңге). Бұрын көтермелеудің ең жоғары мөлшері 100 айлық есептік көрсеткіштен (291 мың 700 теңге) аспаған", - деді ол. Көтермелеуді қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Елордада 2019 жылы жалпы сомасы 1 млн 590 750 теңгеге 9 азамат ынталандырылды. 2020 жылы - 4 тұлға жалпы сомасы 627 820 теңгеге ынталандырылды. Осы жылдың 5 айында департаментпен 612 570 теңге сомасына 3 адам көтермеленді (ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша). Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адамдарды қорғау тиісті түрде жүзеге асырылады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес мұндай жағдайлар туралы хабарлаған адам ақшалай қаражатпен ынталандырылып қана қоймай, мемлекеттің қорғауында болады. Мұндай адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады. Елордалық департамент сыбайлас жемқорлық фактілерімен кездескен жағдайда, сіз сыбайлас жемқорлыққа қарсы Call-орталық 1424 нөміріне, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кезекші бөліміне 8 (7172) 72-62-22, 72-66-32 қоңырау шала аласыз.