Асқар Мамин Беларусь Премьер-министрімен келіссөз өткізді
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Асқар Мамин Беларусь Премьер-министрімен келіссөз өткізді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107813935478494.webp)
ашық дереккөз
Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, агроөнеркәсіп салаларындағы, фармацевтика мен денсаулық сақтаудағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру перспективасын талқылады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық экономикалық одақ және басқа да интеграциялық бірлестіктер аясындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды. 2021 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы $175,6 млн құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%-ға жоғары. Қазақстанда 40% деңгейінде жергіліктендірумен ірі өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы техникасын өндіру бойынша ҚР мен БР 8 бірлескен кәсіпорны белсенді жұмыс істейді.
Ұқсас жаңалықтар