Нұр-Сұлтанда Халықаралық балалар күні қалай аталып өтеді
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
«Білім және ғылым министрлігінің шешіміне сәйкес, Балалар күніне орай 20 мамыр-20 маусым аралығында 8 бағыт бойынша «Бақытты бала – бақытты ел» республикалық науқаны өтіп жатыр. Дегенмен оның аясындағы іс-шаралар пандемияға байланысты онлайн форматта өткізілуде. Ал 1-12 маусым аралығында «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқаны өтеді. Білім басқармасында 1 маусым күніне арналған мерекелік іс-жоспары бекітілді. Ол Білім басқармасының сайтында жарияланған. Бұл мейрамның ерекешелігі - балалар ата-аналарымен бірлесіп, спорттық жарыстарға, көркем шеберханалар жұмысына, музыкалық шығармашылыққа, барлық санитарлық норманы сақтай отырып, қатыса алады. Осы мереке аясында 1 маусым күні әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Нұр-Сұлтан – дебаттық қала» интеллектуалды ойыны, дебаттық турнирдің көрсеткіштік финалы өтеді. 1-10 маусым аралығында балалар мен жасөспірімдер арасында бейнелеу және сәндік қолданбалы өнер жанрындағы «Тәуелсіздік ұрпағы – үздік арт-объект» онлайн халықаралық сурет байқауы жарияланады», - деді арнайы брифингте Оразкул Жолдасбекова.
Бұған дейін елордалық оқушылар жазғы демалысын қалай өткізе алатынын хабарлаған едік.
Ұқсас жаңалықтар