Елордалық оқушылар жазғы демалысын қалай өткізе алады?
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордалық оқушылар жазғы демалысын қалай өткізе алады?](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107818510694798.webp)
ашық дереккөз
«Біз үшін маңызды әрі басым мәселелердің бірі - балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру. Биыл балалар үшін жазғы демалыс Білім және ғылым министрлігі ұсынған «Қазақстан балалары - жазды қуанышқа толтырайық» тақырыбымен ұйымдастырылады. Балаларымыз үшін жазғы демалыс кампаниясы Санитариялық бақылау департаменті ұсынған алгоритм мен балалардың жазғы демалысын, сауығуын әрі жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру кезінде санитариялық талаптарды сақтай отырып, 1 маусым және 30 маусым аралығында Оқушылар сарайлары жанында, жазғы демалыс академиясында, көркем-музыкалық мектептерде, техникалық-шығармашылық орталықтарда, «Арқа алаң», «Арттұмар» орталықтарында үйірмелер мен секциялардың ашылуымен басталады. Қала сыртында 7 маусымнан 10 тамызға дейін әрқайсысы он күннен бес маусымдық екі лагерь ашылады. Олар: 200 орындық «Арман» туристік сауықтыру кешені, 160 орындық «Боровичок» сауықтыру лагері. Өңір «қызыл аймақта» болғанда толымдылығы 30 пайызға дейін, «сары аймақта» 50 пайызға дейін, «жасыл аймақта» саны шектеусіз. Балалар лагерьлерінің жұмысына колледждердің білім алушылары қатарынан педагогикалық жасақтар белсенді тартылады. Әрбір мектеп жаппай оқыту қоры аясында үкіметтің №64 қаулысына сәйкес, лагерьлерге тегін баратын балалардың жеңілдікті санаттарын анықтайды. 26 мамырдан бастап 19 маусымға дейін ата-аналардың өтініші бойынша барлық тілек білдірген білім алушы үшін оқыту сапасын арттыру әрі шектеу шаралары кезіндегі білім алуда жіберілген олқылықтардың орнын толтыру, сондай-ақ оқушылардың физикалық және эмоциялық денсаулығын қалпына келтіру мақсатында онлайн, офлайн режимінде жазғы мектеп ұйымдастырылады. Жазғы мектеп білім алушыларға білім алуда жіберілген олқылықтардың орнын толтыруға, командалық оқу дағдыларын игеруге, өткен оқу материалын сапалы меңгеруге, оқуға деген ынтаны артыруға мүмкіндік береді. Және де балалардың жазғы кезеңдегі бос уақытын ұйымдастырады. Ал педагогтер білім алушылардың оқудағы жетістіктерін талдап, білім беруді дамытып, тәрбие міндеттерін құрып, инновациялық бағдарламалар мен жобаларды пайдаланады. Сондай-ақ болашақ 1-сынып оқушыларын даярлау мақсатында әр мектепте тамыздан бастап екі апта оқу мерзімімен «Балақай» мектебінің жұмысы ұйымдастырылады. «Жасыл ел» әлеуметтік жастар жобасы аясында мектептер әрі колледждердің 14 жастан 18 жасқа дейінгі оқушылары биыл 1 маусым -10 тамыз аралығында жазғы кезеңде жұмыспен қамтылады. Болжам бойынша қамту саны көпбалалы, аз қамтылған отбасылар, ювеналдық полицияда есепте тұрған балалар және жетім балалар қатарынан 700-ге жуық баланы құрайды. Бағдарлама аясында мектептермен шарт жасалады. Балалар мектеп жанындағы учаскелерде жұмыс істеп, мектеп аумағын көгалдандырумен айналысады. Жоба бойынша айына 60 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы қарастырылған. Бұдан басқа, 1 маусым мен 25 тамыз аралығында біздің балаларымызға білім беру ұйымдары базасында онлайн алаңдар қолжетімді болады. Нақты құрылған жұмыс балаларға таңертеңнен бастап қызықты әрі пайдалы білім алуға мүмкіндік береді. Бұнда балалар өздерін ІТ бағыттардың әртүрлі рөлінде сынап көре алады. Бағдарламалау, дизайн, жүйелік басқару, ойындарды әзірлеу және тағы да басқа қызықты бағыттар болады. Осы жаздың ерекшелігі - балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын қатаң талаптар. Осыған байланысты біздің барлық мекемеміз санитариялық нормаларды толық сақтау үшін қажетті материалдармен, жабдықтармен жасақталған», - деді арнайы брифингте Римма Иманғазинова.
Бұған дейін жазғы демалыс кезіндегі балалардың қауіпсіздігі жөнінде хабарлаған болатынбыз.
Ұқсас жаңалықтар