NIS журналистерге арналған республикалық байқау өткізеді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![NIS журналистерге арналған республикалық байқау өткізеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107909938578926.webp)
Байқауға өңірлік, республикалық және шетелдік газеттердің, сайттардың, порталдардың, радиокомпаниялардың, телеарналардың, ақпараттық агенттіктердің журналистері, сондай-ақ журналист-фрилансерлер қатыса алады. NIS үш жылда бір рет білім беру тақырыбына маманданған журналистерге арналған республикалық байқау өткізеді. 2021 жылы байқауға 2018 жылғы 1 маусымнан 2021 жылғы 1 маусымға дейін қазақстандық және шетелдік БАҚ-та жарияланған немесе эфирге шыққан талдамалық материалдар қабылданады. Бірінші кезең – материалдарды қабылдау (2021 жылғы 25 мамырдан 15 маусымға дейін) Екінші кезең – қорытынды шығару (2021 жылғы 15 маусымнан 20 маусымға дейін) Үшінші кезең – жеңімпаздарды марапаттау (2021 жылғы 20 маусымнан 28 маусымға дейін) Байқау қорытындысы бойынша әртүрлі номинацияларда он жеңімпаз және он лауреат аталады. Қазақтың ұлы ғалымы және ұстазы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай «Шамшырақ» арнайы номинациясы бекітілді. Барлық жеңімпаздар мен лауреаттар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен, байқаудың символикасы бар кәдесыйлармен марапатталады. Байқауға әртүрлі жанрдағы материалдар – мақалалар, очерктер, талдамалық шолулар, сұхбаттар қабылданады (баспа материалдарының көлемі 12 000 белгіден аспауы тиіс). Материалдар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады. Байқауға өңірлік, республикалық немесе халықаралық БАҚ-та жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар ұсынылуы тиіс. Баспа материалдарының авторлары мақалалардың түпнұсқалары мен скрин-шоттарын (басылымның атауымен, жарияланған күнімен), интернет-жарияланымдар – скрин-шоттар мен сілтемелерді (БАҚ атауымен, жарияланған күнімен), радио және телевизия материалдарын – электрондық тасығыштарда, сондай-ақ скрин-шоттар мен сілтемелерді (БАҚ атауымен, эфирге шыққан күнімен) ұсынуы тиіс. Конкурсқа ұсынылған жарияланымдар рецензияланбайды және қайтарылмайды. Материалдар 2021 жылғы 15 маусым Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 18.00-ге дейін қабылданады. Байқау материалдары төмендегі мекенжай бойынша қабылданады: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Хусейн бен Талал көшесі, 21/1, 310-кеңсе, Баспасөз қызметі («Байқауға» белгісімен) немесе электронды поштаға mediakonkurs2021@nis.edu.kz. Қосымша ақпарат алу үшін: NIS баспасөз қызметі 8 (7172) 23 57 00 (ішкі 1118, 1117)