Полицияға бейнебайланыс арқылы хабарласушылар саны артты
Оның айтуынша, азаматтар осы қосымшаның көмегімен құқық бұзушылықтар туралы бейне және аудио қоңыраулар, сондай-ақ мәтіндік хабарламалар жолдай алады. Мұндай жүйенің артықшылығы – полиция операторы оқиға орнында болып жатқан жағдайды онлайн режимде көріп, қоңырау шалушының орналасқан жерін дереу анықтап, жедел әрекет ете алады. Polisia.kz мәліметінше, мысалы, 25 мамырда Павлодар қаласының полиция операторына 102 мобильді қосымшасы арқылы бейнеқоңырау түсті. Жергілікті тұрғын бірнеше ер адам балалар алаңында спирттік ішімдік ішіп жатқанын айтты. Әйел операторға нақты уақыт режимінде ұялы телефонның бейнекамерасымен жағдайды көрсетті. Осының арқасында диспетчер заң бұзушылықты жедел тіркеп, орналасқан жерін анықтап, автопатрульді тез арада сол жерге жіберді. Полиция қызметкерлері мас құқық бұзушыларды уақытша бейімдеу және детоксикациялау орталығына жеткізді. Сондай-ақ олардың әрқайсысына қатысты ҚР ӘҚБтК 440-бабы бойынша әкімшілік іс қозғады. Атап өтсек, Ішкі істер министрлігі 102 мобильді қосымшасын іске қосқан болатын. Ол азаматтардың хабарламаларын қабылдауға арналған «Омниканальность» жобасының бір бөлігі саналады әрі ол полиция қызметкерлерінің құқық бұзушылықтар мен оқиғаларға одан әрі жедел әрекет ету мақсатында жасалған. Бұл үшін телефонға Police 102 қосымшасын ғана қосу керек.