Зілтемірші Ақмолда Сайрамкез әлем чемпионатында күмістен алқа тақты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Зілтемірші Ақмолда Сайрамкез әлем чемпионатында күмістен алқа тақты
ашық дереккөз

67 келіде өнер көрсеткен Ақмолда Сайрамкез күміс жүлдеге қол жеткізді. Ол қоссайыстың нәтижесі бойынша 308 келіне басынан асырды. Бұл салмақ санатында Түркия өкілі Өзбек Фуркан қарсылас шақ келтірмеді. Ол 317 келіні бағындырып, жарыс жеңімпазы атанды. Ал оның командаласы Генч Юсуф 301 келіні көтеріп, үздік үштікті түйіндеді. Еске сала кетейік, аталған бәсекеде бұған дейін Қазақстан сапынан Алексей Дроздов күміс жүлде еншілесе, Абылай Әуелханов әлем чемпионы атанған еді.